Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қолаға қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Бішкекте (Қырғызстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионатының ақтық жарыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, отандасымыз Ақмарал Ерекешева шығыршық жаттығуының финалында 28.50 ұпай алып үздік үштікке енді. Осы сайыста 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы, өзбекстандық тәжірибелі спортшы Тахмина Икромова (29.25) жеңімпаз атанса, күміс жүлдені қытайлық, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының финалисі Ван Цзылу (28.90) алды.

Айта кетейік, сары құрлық додасына жекелей сын бойынша 17 елден 30-дан астам үздік спортшы қатысуда. Сондай-ақ бұл турнир күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Осыған дейін Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір күміс алғаны туралы жазған едік.