АСТАНА. KAZINFORM - Ақмарал Ерекешева Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші мәрте алтын медаль алды.
Әлем чемпионатында жекелей жаттығудағы финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.
Қазақстандық гимнастшы Ақмарал Ерекешева турнирдің іріктеу кезеңінде үш сайыс түрінен финалға жолдама алған еді. Олардың барлығында жүлдегер қатарынан көрінді.
Ақмарал доппен және лентамен жаттығуда алтын медаль алса, шеңбермен жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ, ел құрамасынан Айғаным Рысбек булавамен жаттығуда бесінші орын алды.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева ел құрамасынан көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы спортшының бірі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.