Отандасымыз үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, оның екеуінде жүлдеге ие болды.
Доппен көрсеткен өнері үшін Ақмарал 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанса, шығыршықтағы жаттығуда 26.950 ұпаймен күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетсек, ол енді таспамен сайыста медальды сарапқа салатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ ел құрамасынан Айғаным Рысбек ұршықтармен жаттығу финалына қатысады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын казақстандық жастар көркем гимнастикадан Азия чемпионатында 7 медаль алды.