АСТАНА. KAZINFORM – 17-18 ақпанда Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өтіп жатқан Grand Prix турнирінде Қазақстан қоржынына қос жүлде түсті.
Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, аталмыш жарыста ел намысын 13 ер, 6 әйел спортшы қорғауда.
Бәсекенің бірінші күні Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.
Тағы бір қазақстандық Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Ақмарал Науатбектің Азиада чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).