Парадзюдодан J2 класында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақмарал Науатбек жартылай финалда түркиялық қарсыласы Джахиде Екені иппонмен жеңіп, финалға жолдама алды.
Финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 19:00–де өтеді.
Еске сала кетейік, биыл Ақмарал Науатбек парадзюдодан Гран-при жарысының жеңімпазы атанған еді.
Ал былтыр Азия ойындарында чемпион болды.
Парадзюдодан екі мәрте әлем чемпионы Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.