Ақмарал Науатбек – XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы

Фото: Фото: Туризм және спорт министрлігі

ПАРИЖ. KAZINFORM – Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. 

Отандасымыз финалда Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. 

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ақмарал Париж татамиінің жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді. 

Фото: туризм және спорт министрлігі

Еске сала кетейік, бұған дейін пара дзюдошы Ақмарал Науатбектің Паралимпиаданың финалында бақ сынайтынын жазған едік. Сондай-ақ кеше ел қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті. Оны пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алды. Ол осымен екінші мәрте Паралимпиа ойындарының чемпионы атанып отыр.