Ақмола әкімі жұмыс бабымен Целиноград ауданында болды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып, аудан тұрғындары әлеуметтік желілерде көтерген бірқатар проблемалық мәселелерімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл көктемде Есілөзенінің орталықтандырылып бағытталған арнасының болмауына байланысты, ерігенқар суы елді мекендерді су басу қаупін төндірді. Қарғын су Ақмешіт және Родинаауылдарының арасындағы жолды басып қалды. Бұған қолданыстағы су құбырлары сукөлеміне төтеп бере алмады. Қазір үшжақты меморандумның шеңберіндежобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Онда көпір құрылысы, өзен арнасын түзетужәне жарық орнату бойынша жұмыстар қамтылған.

«Бұл стратегиялықмаңызы бар жол қатынасы. Жобаны сараптамаға тапсыру жұмысын тездету қажет.Көпір салу үшін қаражат іздестіретін боламыз», – деді учаскені қарап шыққан облысәкімі Ермек Маржықпаев.

Қарамеңді батырауылында негізгі мектеп ғимараты 1965 жылы салынған. Бұл бейімделген үй-жай,онда бұрын балабақша болған. Жобалық қуаты 70 оқушыға арналған білім ошағындаүш ауысымда 146 бала оқып жатыр. Халық саны өсуін ескере отырып, жаңа мектепқұрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленген.

«Балаларға тиістіжағдай жасалмаса, оқу сапасы туралы қалай айтуға болады. Қысқа мерзім ішіндеконкурс жариялаңыздар»,– деді өңір басшысы аудан әкімі МалғаждарТәткеевке.

Арайлы ауылында 300орындық мектеп салынып жатыр. Жобаның құны – 758 миллион теңге. Құрылысты жыл соңынадейін тапсыру жоспарлануда.

«Құрылысшыларбелгіленген мерзімде жұмысты аяқтайтынына күмәнім бар. Әрбір күнді барыншатиімді пайдалану қажет. Ал сіздерде бар-жоғы 25 адам жұмыс істеп жүр, оларшатырмен айналысуда. Жұмыс барлық жерде жүргізілуі тиіс. Жұмысшылардың бірбөлігі абаттандырумен, басқасы әктеу және басқа да жұмыс түрлерін атқаруы үшінолардың санын көбейтіңіздер», – деп Ермек Маржықпаев мердігерден талап еттіжәне аудан әкімдігіне орындалып жатқан құрылыс-монтаждау жұмысының сапасынкүнделікті бақылауына алуды тапсырды.

Бұдан бөлек, аймақбасшысы Қосшы ауылында 1 200 орынды жаңа мектептің құрылыс алаңында болды.

«Білім берумекемесінің құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Биыл800 миллион теңге қаржы бөлінді. Жоспарланған қаражаттың толық игерілуінқамтамасыз ету және объект құрылысының сапасына ерекше назар аудару қажет», –деп өңір басшысы Малғаждар Тәткеевке тапсырма берді.

Сондай-ақ, ЕрмекМаржықпаев «Чистые пруды» саябақ алабын сумен жабдықтау мәселесін шешу бойыншатапсырма берді және кентішілік жолдардың ахуалын тексерді. Қосшыда ұзындығы14,4 шақырым болатын 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұғанбюджеттен 403 миллион теңге бөлінді.

Талапкер ауылындаБейбарыс көшесі бойынша 800 метрлік учаскеде жол жамылғысы қалпына келтірілді,бұдан кейін су өткізу құбырлары орнатылып, асфальт төселеді. 2015 жылы бұлжерде күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Алайда, жерасты суы және жауын-шашын әсерінен жол бұзылды.

Ынтымақ ауылындажалпы сомасы 604,2 миллион теңгеге 8,3 шақырым жолдарды күрделі жөндеу бойыншажобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім қаралуда.

Сонымен қатар,Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президентінің АӨК дамыту бойынша қойылғанміндеттері шеңберінде облыс әкімі «Green Star» агрофирмасы» ЖШС жоғарытехнологиялық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметімен танысты.

Соңғы жаңалықтар