«Ақмола-Астық» концернінің бұрынғы вице-президенті Рыскелді Жақсыбеков 85-ке қараған жасында өмірден озды

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - «Ақмола-Астық» концернінің бұрынғы вице-президенті Рыскелді Жақсыбеков 85-ке қараған жасында өмірден озды.

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы ҚР Қорғаныс министрі, ҚФФ-ның президенті Әділбек Жақсыбековке әкесінің қайтыс болуына орай көңіл айтті.

Жақсыбеков Рыскелді Дәуренбекұлы 1928 жылы 15 желтоқсанда Қостанай облысының Қарабалық ауданына қарасты Тастыөзек ауылында дүниеге келді.

Кеңес Әскері қатарындағы қызметінен кейін 1954 жылдан бастап мәдениет саласында жұмыс істеді, олардың ішінде 25 жыл бойы Целиноград облыстық кинофикация басқармасын басқарды.

1974, 1975 және 1981 жылдардың жұмыс қорытындылары бойынша Рыскелді Жақсыбеков КСРО-ның социалистік жарысының жеңімпазы болды, 1982, 1985, 1987 жылдары облыстық еңбекші халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланды.

Облыстық партия конференциясының делегаты болып сайланып, Қазақстан КП ОК-нің бірқатар съездерінің жұмысына қатысты.

Ол облыс пен елдің экономикалық және мәдени саласын дамытуға елеулі үлес қосты, достары мен әріптестерінің ортасында үлкен құрметке ие болды.

Рыскелді Дәуренбекұлының еңбегі КСРО мен Қазақстан Республикасының көптеген мемлекеттік және ведомстволық сыйлықтарымен атап өтілді.

Еңбек демалысына шыққан соң ол қоғамдық жұмыспен айналысып, Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесі президиумының мүшесі болды.