Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісовтің айтуынша, Петровка ауылындағы бір үйдегі 97 қойдың 23-і бруцеллезге оң нәтиже көрсетсе, тағы 29 қойы күмәнді.
«Қойдан алынған сынама ПТР әдісімен анықтау кезінде оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты биылғы жылғы 28 шілдесінде әкім ауыл аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы шешім қабылдады», - деді Талғат Жүнісов.
Басқарма басшысы атап өткендей, шектеу шаралары барысында сүт сатып алынбайды және мал сойылмайды. Ару малмен республикалық эпизоотияға қарсы жасақ (РПО) айналыспақшы, сонымен бірге ветеринарлық инспекцияның бақылауымен сауықтыру іс-шаралары өткізілетін болады. Әр 15 күн сайын олар жануарлардан қан алып, ауылдағы барлық малды тексеретін болады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында ет өнімдерінің 12 пайызы сапасыз екені анықталған еді.