Ақмола дәрігерлері браконьерлерден жапа шеккен қорықшының жағдайы туралы айтты
Ведомствоның мәліметінше, кешкі сағат 20:30 шамасында оқ тиіп, жараланғанинспектор Жарқайың ауданынан санавиациямен Ақмола облыстық көпбейіндіаурханасына жеткізілді.
Аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша,науқас «Кеудесіне тиген оқ жарақатымен»және «Сол жақ иығының жаралануы»диагноздарымен түсті.
«Бүгін науқасқа ота жасалып, денесінен бөтен зат алынды. Ота сәтті өтті,дер кезінде жеткізіліп, жедел ота жасалғандықтан науқастың жағдайы орташаауыр», деп айтты Дмитрий Чайков.
Дәрігердің сөзінше, науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиған соңтравматология бөлімшесінің палатасына ауыстырылып, сонда одан әрі емқабылдайтын болады.
Айта кетейік, осыған дейінхабарлағанымыздай, 23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚКОрталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданындатабиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киікату фактісін анықтайды. Заң бұзушылардың ізіне түскен екі инспекторға қарсы оқатылып, соның салдарынан 1976 жылғы инспектор көз жұмды, ал, оның 1975 жылғыәріптесі жараланып, Жарқайың аудандық аурханаға жатқызылған еді.
Қайтыс болған қорықшының артында төрт баласы – үш қызы мен бір ұлы қалды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза болған«Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы ҚанышНұртазиновтың отбасына көңіл айтты.
Осы қылмысқа байланысты арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілердіұстау бойынша кешенді шаралар қолға алынды. Күдіктілерді ұстауға Жарқайың, Есілжәне Жақсы аудандарының полиция бөлімінің жеке құрамы тартылды. Патрульдікқызмет нарядынан күдіктілердің көлігіне тұспалдау берілді. Жарқайың және көршіаудандардың аумағында 10 блок бекет қойылған болатын.
Артынша, бұл іс ҚР Ішкі істер министрі мен Ақмола облыстық ПД басшысы өзбақылауына алынды. Сонымен қатар, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстықіс қозғалған болатын. Жедел іздестіру шарасы барысында күдіктілер Арқалыққаласының 45 жастағы тұрғыны мен оның 20 жастағы баласы ұсталды.