Перкутанды нефролитотрипсия бүйректегі тасты алудың алтын стандарты саналады. Бұл бүйректен ірі және маржандай тасты алудың шағын инвазивті ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілі.
Бұл әдістің тиімділігі сол - бүйректен тасты алу белдің тұсында тесіктер тесу және түтікше өткізу арқылы жасалады, науқастың денесін тілу талап етілмейді.
Бүгінгі таңда №2 Ақмола облыстық аурухананың урология бөлімшесінде жоғары технологиялық медициналық қызметтердің келесі түрлері енгізілген: толық нефректомия, лапароскопиялық пластика несеп жолы сегментінің лоханы, Политано летбеттера
әдісі бойынша модифицикацияланған уретероцистонеостомия, Блохин бойынша қосымша антирефлюкс механизмі, уретраны қалпына келтіру.
Сондай-ақ осы күні аталған №2 Ақмола облыстық ауруханасында уролог дәрігерлер лапароскопиялық нефрэктомия отасын жасап жатыр.
Лапароскопиялық нефрэктомия - бұл бүйректің тіліксіз толық алынып тасталуы.
Қазіргі уақытта лапароскопиялық нефрэктомия бүйрекке жиі жасалатын ота түрі. Бүйректің бұл жолмен тұтас алынуына себептер өте көп, оның ішінде ең жиі кездесетін себептер - бүйректің ісінуі, бүйрек функциясының толық бұзылуы, соның салдарынан бүйректің ауырсынуы және қабынуы.
№2 Ақмола облыстық ауруханасының базасына енгізілген отаның бұл түрі облыста алғаш рет жасалып отыр.
Отаны аурухананың жоғары санатты уролог дәрігерлері Т.Мұратов, Е.Ысқаков, Б.Қасымов, У.Жапаров, А.Мұхамежданұлы жасайды.