12 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында найзағай жарқылдайды.
12 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
12 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады. Таңертең және күндіз желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.