Ақмола, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола, Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қагидрометке сілтеме жасап.

13 қаңтарда таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда қар жауады, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

14 қаңтарда Қостанай облысында қар, бұрқасын, кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Сол күні Қостанай қаласында қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.