Ақмола мен Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола мен Қостанай облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Көкшетауда найзағай жарқылдайды, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с жетеді.

14 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде қатты нөсер жауады, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Сол күні Қостанай қаласында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.