Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді.
«Сонымен қатар сағат 00:00–де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты „Екатеринбург-Алматы“ автожолының 1003-1128 шақырым аралығында Атбасар қаласынан Астраханка ауылына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», деп жазды ведомстводан.
Сондай-ақ 12 қазанда сағат 01:30–да Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Шидерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы Ақмола облысынан Шидерті ауылының шекарасына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.