Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында Есіл өзені арнасынан тасуы мүмкін
17:03, 24 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«25-26 сәуір аралығында Есіл өзенінің Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының аймақтарындағы бөліктерінде су деңгейі көтерілуі, осыған қарай кейбір аймақтарды су басуы мүмкін»,-делінген хабарламада.