Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Берген Жұмкей Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі болып тағайындады.

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Берген Жұмкей 1985 жылғы 15 маусымда дүниеге келген.

2007 жылы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2008–2009 жылдары — Көкшетау қаласы бойынша «ХҚКО» ММ филиалының инспекторы.

2009–2010 жылдары — Шортанды ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы.

2010–2011 жылдары — Шортанды кентінің әкімі.

2011 жылы — Шортанды ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы.

2011–2017 жылдары — Шортанды ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

2017–2018 жылдары — Шортанды ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

2018 жылы — Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

2018 жылы — Шортанды ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

2018–2021 жылдары — Шортанды ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2021 жылғы тамыздан бастап Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Асхат Ахмедьянов Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалғанын жазған едік.