Ғалымдар вибриондарды Мәрмәр, Эгей және Жерорта теңіздері аймағынан анықтады.
Дәрігерлер демалушыларды теңіз суының ашық жараға түсу қаупі туралы ескертіп, сақтық танытуды сұрайды.
- Вибриондар жылы тұзды суда көбейеді. Тырысқақ вибрионы көбіне ластанған теңіз суы арқылы асқазан-ішек жолдарына түсіп, ауыр диарея және ағзаның сусыздануына әкелетін тырысқақ ауруын тудыруы мүмкін. Түркияда тырысқақ ауруы сирек болғанымен, қауіп нөлге тең емес, - деп мәлімдеді Ыстанбұлдағы Florence Nightingale ауруханасының дәрігері Угур Аферин.
Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының (ECDC) соңғы ескертуіне сәйкес, бұрын тек Балтық теңізінде кездесетін вибрион бактериялары енді Солтүстік теңізде және шомылуға арналған жабық аймақтарда да кездеседі. Бұл бактериялар жоғары температура мен төмен тұздылық жағдайында көбейеді.
Айта кетейік, Түркияның Анталья аймағында жер сілкінді.