Өнімдерді өткізу әлеуметтік желілердегі интернет-дүкендер арқылы жүзеге асырылып, жеткізуді курьерлік қызмет ұйымдастырған. Қатысушылар заңсыз қызметін жасыру мақсатында конспирация шараларын қолданып, ақша қаражатын қабылдау және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің қызметін пайдаланған.
Қылмыстық табыс көлемі 221 млн теңгеден асты. Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі пәтер мен автокөлікке тыйым салынды.
Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Айта кету керек, жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптерді заңсыз өткізу фактілері бойынша 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Заңсыз айналымнан 717 мың дана өнім тәркіленді.
ҚМА ескертеді: вейптерді пайдалану, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында никотинге тәуелділіктің қалыптасуына әкеледі. Никотин жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесіне кері әсер етіп, созылмалы аурулардың даму қаупін арттырады.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында «Киберқадағалау» жүйесі арқылы электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және ілеспе тауарларды жарнамалап, таратқан 20 Telegram-арна бұғатталды.