Жөндеу жұмыстары қамтылған учаскенің жалпы ұзындығы 65 шақырымды құрайды. Жобаны іске асыруға 42 маман мен 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта орташа жөндеу аясында:
53,5 шақырым жол жабыны жонылды;
26 100 текше метр көлеміндегі жол ақаулары жойылды;
49,16 шақырымда суық жону әдісімен негіз қабаты төселді;
48 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасының төменгі қабаты салынды;
32 шақырымда майда түйіршікті асфальтбетон қоспасының үстіңгі қабаты төселді.
- Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды жаңарту аясында бірнеше су өткізгіш құбыр орнатылды. Жол жиегін құм-қиыршықтас қоспасымен нығайту жұмыстары да қатар атқарылып жатыр, - деп түсіндірді ҚазАвтоЖолдан.
Мамандардың айтуынша, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жолдың беріктігін арттырып, пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жол биыл толығымен аяқталатыны хабарланды.