Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде нысанға су беру тоқтатылған. Салдарынан құрылысқа кедергі келіп, инвестициялық жобаның тоқтап қалу қаупі туындаған.
Осыған байланысты инвестор мәселені шешуге көмек сұрап жүгінген. Жағдай Ақмола облысы прокуратурасының бақылауына алынып, жұмыс Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен жүргізілген.
– Прокуратура жауапты ұйымдармен тиісті жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде нысанға су беру сол күні қалпына келтіріліп, инвестор құрылыс жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік алды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Burabay Milk жобасы жылына 9 мың тоннадан астам сүт өнімін өндіретін заманауи зауыт салуды көздейді.
Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке жыл сайын шамамен 942 млн теңге салық түседі деп күтіліп отыр.
Зауытты 2026 жылы іске қосу жоспарланған.
Қазіргі уақытта жоба Ақмола облысы прокуратурасының сүйемелдеуінде. Бұл жұмыс жобаның іске асырылуына кедергі келтіруі және кәсіпорынды іске қосу мерзіміне әсер етуі мүмкін мәселелерді дер кезінде анықтап, шешуге бағытталған.
Айта кетейік, Fufeng Group елдің ауыл шаруашылығына инвестиция салмақ.