Ақмола облысында астық тиелген КамАЗ тіркемесі аударылып қалды
10:48, 23 Ақпан 2024
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысында КамАЗ жүк көлігінің астық тиелген тіркемесі аударлып қалды.
Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Екатеринбор – Алматы» тас жолында болған.
«Тіркеменің аударылуына техникалық ақау себеп болған. Жүргізушіге полиция ротасының экипажы Ерболат Нұрлыбеков пен Асанәлі Әскербеков көмекке келді. Олар жол қозғалысы қаупсіздігін қамтамасыз етіп қоймай, тіркемені көтеру үшін жақын маңдағы елді мекеннен арнайы техника шақыртты. Бірнеше сағатқа созылған көмек зая кетпеді, тіркеме тұрғызылып, жүргізуші тәртіп сақшыларына алғысын білдірді», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жолда қалған 191 адам құтқарылғанын жазған едік.