Ақмола облысында аудандық аурухана мемлекеттік сатып алу шарты бойынша кәсіпкерге 518 мың теңге төлемей келген

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Ақмола облысында аудандық аурухана мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша кәсіпкерге 518 мың теңге төлемей, жалтарып келген. Облыстық прокуратурадан көмек сұраған кәсіпкердің өтініші назарсыз қалмай, заң аясында шешілді. 

Фото: gov.kz

Аудан прокуратурасына кәсіпкер Ерейментау аудандық ауруханасы тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауар жеткізгені үшін ақы төлемеу мәселесі бойынша жүгінді.

«Кәсіпкермен аудандық ауруханасы арасында жалпы сомасы 518 мың теңгеге 3 дана „эластотонометрді“ (көзішілік қысымды анықтау үшін индикаторы) жеткізуге мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды», — делінген хабарлмада.

Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісімен расталатын, Серіктестік Кәсіпорынмен қабылдаған тауарды жіберді, сол арқылы Серіктестік тауарды жеткізгені бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпкерге көрсетілген сома толық көлемде төленді.