Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек озаттары марапатталды

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Онда саланы дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ ақмолалық түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға облыстың ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері, агроөнеркәсіп кешенінің ардагерлері, сала мамандары қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы саласының экономикадағы маңызын атап өтті.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

- Ақмола облысы аграрлы өңір саналады. Еліміздегі астықтың төрттен бірі біздің облысымызда өндіріледі. Өңірде агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келеді, жақсы нәтижелерге қол жеткізілуде. Биылғы жылғы қиындықтарға қарамастан диқандарымыз 3 млн тоннадан астам астық жинады. Бұл біздің ішкі қажеттілігімізді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, облыста мал шаруашылығын дамыту бойынша да оң өзгерістер байқалады. Шаруашылықтың жалпы өнімінің көлемі жыл сайын артып келеді, бірақ осыған қарамастан, біз осы саланы дамытуға ерекше назар аударуымыз керек, - деді аймақ басшысы.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен бірге, жиында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, етті және туаралы-сүт фермаларының қуаттын арттыру мәселесі сөз болды. Өңірде өндіріс көлемін ұлғайту шеңберінде шамамен 300 млрд теңге сомасына 71 инвестициялық жоба іске асырылуда, бұл ет өнімдері, шикі сүт, өсімдік майы, ұн және жарма өнімдерін өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ ақмолалық түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысындағы киік етін сататын комбинатта жұрт кезекте тұрғанын жазған едік.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі