Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жақсы ауданы прокуратурасы «Болашақ» балабақшасының қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында балабақша есепшісі қызмет және тауарларға арналған 9 млн тенгені өз шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
- Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, одан әрі тергеу экономикалық тергеп-тексеру Департаментіне тапсырылды, - делінген хабарламада.
Осыған дейін прокуратура міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтындарға ескерту жасағаны туралы жаздық.