Егіндікөл ауданының тұрғыны аудан прокуроры Азамат Аяғановтың жеке қабылдауына банктік шоттарының жеке сот орындаушысы тарапынан бұғатталуына байланысты жүгінген.
Тексеру барысында қолданылған шектеу шаралары салдарынан оның кәмелетке толмаған қызының да банктік шоты бұғатталғаны анықталды. Соның кесірінен бала мектеп асханасындағы тамақтану ақысын төлей алмаған.
Прокуратура жедел шара қабылдап, кәмелетке толмағанның шотына қойылған шектеулерді алып тастады. Нәтижесінде баланың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Ведомство мәліметінше, өтініш беруші көрсетілген құқықтық көмек үшін облыс прокурорының атына алғыс хат жолдаған.
Прокуратура өкілдері азаматтарды жеке қабылдау олардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерінің бірі болып қала беретінін атап өтті.
Бұдан бұрын банктегі шот бұғатталған кезде не істеу керек екенін жазғанбыз.