Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бәс тіккендердің бірі — Есіл ауданы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, екіншісі — Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған.
Заң бұзушылық Есіл ауданы прокуратурасының мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына жүргізген талдауы барысында белгілі болды.
-Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілерге заңда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттігін ескертті. Прокуратура мұндай әрбір фактіге алдағы уақытта да принципті құқықтық баға берілетінін мәлім етті,-делінген хабарламада.
Осыған дейін СҚО-да құмар ойынға салынған үш мемқызметші жұмыстан шығарылғаны туралы жаздық.