Ақмола облысында басты шыршаның шамдарын жағу рәсімі өтпей қалды

Күн райының нашарлауына байланысты Көкшетаудың Абылай хан алаңында орнатылған Жаңа жылдың басты шыршасының шамдарын жағу рәсімі кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: pixabay.com

26 желтоқсанда Көкшетау қаласы аумағында жылдамдығы 15 м/с екпінде жел тұрды. Салдарынан жаңажылдық басты шырша зақымдалды. Сол себепті, 26 желтоқсан, сағат 19.00-ге жоспарланған шырша шамын салтанатты түрде жағу рәсімі кейінге шегерілді.

«Қосымша ақпаратты кейін хабарлайтын боламыз», - деп түсіндірді Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Биыл Көкшетауда Жаңа жылды мерекелеуге 45 млн теңге жұмсалатынын бұған дейін жазған болатынбыз.

Фото: Оксана Матасова/Kazinform