«Бидайды терең өңдеуге мүмкіндік беретін меморандумға қол қойғалы отырмыз. Бидайды терең өңдеп, оны Қытай басқа да елдерге жеткізетін жоба. Келісім аясында 650 млн доллар инвестиция тарту күтіледі және 1 мың жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыратын орны белгіленіп, пысықталды, келер жылы зауыттың құрылысы басталады деген жоспар бар», - деді Марат Ахметжанов елордада қазақстандық жаһандық инвестициялар тақырыбында өтіп жатқан форум барысында.
Өңір басшысының айтуынша, зауыт Аршалы ауданында салынады.
«Біз ол ауданда индустриялық аймақ құрып жатырмыз. Инвесторлар 4-5 облысқа барып, Аршалы ауданына тоқтады. Себебі бұл жер су, электр және газбен қамтылған. Бидайды терең өңдеп, экспортқа шығарады, алғашқы кезеңде 1 млн тонна бидайды өңдеу жоспарланып отыр. Жоба экономиканың өсіп, облыстың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді», - дейді ол.
Айта кетсек, Үкімет жыл соңына дейін энергетика және коммуналдық шаруашылық ұлттық жобасын бекітуді көздеп отыр.