«Күннің күрт бұзылуына байланысты Ақмола облысының тас жолында көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. Осыған байланысты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-сы жолда қалған азаматтарды пойызбен тасымалдау туралы шешім қабылдады. Мәселен, Қарағандыдан елордаға №43 «Алматы-Қостанай», №53 «Достық-Астана», №121 «Семей–Астана» және №45 «Түркістан–Астана» бағытындағы пойызбен кетуге болады», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, Ақмола облысы Ерейментау ауданынан елордаға дейін №7501 «Павлодар–Астана» қала маңы электр пойызына жолаушыларды отырғызу қамтамасыз етіледі.
«Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілуде. Сондай-ақ пойыз билеттерін bilet.railways.kz сайтынан және кассалардан сатып алуға болады. Пойыздардың қозғалыс кестесі мен басқа да ақпаратты «1433» (тегін қоңырау шалу) нөмірі, «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады», - дейді ведомстводан.