Ақмола облысында бірнеше жол ашылды

Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Ақмола облысында автомобиль жолдары ашылғанын хабарлады.

2 қаңтарда сағат 01:00-де Ақмола облысы бойынша келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:

1.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 шақ., Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;

2.«Жақсы-Есіл-Бұзылық» 71-82 шақ., Ақсай ауылынан Есіл қаласына дейін;

3. «Жезқазған-Петропавл» 377-536 шақ., Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазған болатынбыз.