Ақмола облысында дала өрті орманға тарап кеткен

АСТАНА. KAZINFORM — 4 қыркүйекте Қазақстан бойынша бір орман өрті тіркелді. Ақмола облысында болған дала өрті қатты желдің әсерінен орман қорына өтіп, жедел түрде сөндірілді.

Фото: Экология министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлері мен мемлекеттік орман күзеті мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесінде қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық жойылды.

Қазіргі уақытта бірқатар өңірде найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» күштері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Фото: Экология министрлігі

Өңірлерде әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Мамандар өрт қауіпті кезеңде азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, табиғат аясында отты пайдаланған кезде барынша сақ болуға шақырды.

Бұған дейін Астанада жыл басынан бері 529 өрт болғанын жазғанбыз.