Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Жарқайың ауданы аумағындағы дала қосында болған.
Белгілі болғандай, Қостанай облысының 58 жастағы тұрғынын егін жинау жұмыстары кезінде «Енисей» комбайнының жетегіндегі белдік орап әкеткен. Ер адам сол жерде көз жұмды.
- Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, - деп түсіндірді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында тоққа түскен 56 жастағы жұмысшы көз жұмғанын жазған едік.