Ақмола облысында электровоз бен вагондар рельстен шығып кетті

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 9-шы қазан күні Сұрған станциясының Есіл-Құсмұрын учаскесінде электровоз бен вагондар рельстен шығып кетті.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім болды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, төтенше жағдайдың салдарымен күресу үшін қалпына келтіру пойыздар іске қосылды.

Оқиғаның себеп-салдарына анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді.

Осыған дейін жыл басынан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері көліктік полициямен бірлесіп, пойыздардағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 117 жолаушыны түсіргенін жаздық. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға төмен.