Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау дерегі бойынша іс қозғалды
10:44, 06 Наурыз 2024
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау дерегі бойынша полиция іс қозғады.
— Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау туралы түскен арыз бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабының 3-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Тергеу шеңберінде қажетті сот-медициналық сараптамалары және басқа да тергеу шаралары тағайындалды, - деді Kazinform тілшісінің сауалына берген жауабында Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетау тұрғынының 8 жасар ұлын ұрламақшы болғанын жазған едік.