Аршалы ауданы прокуратурасы Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен, қамауда жазасын өтеуші тұлғамен өткізілген конфиденциалды әңгіме барысында атыс қаруы бар жасырын орын туралы ақпарат алған.
— Аталған ақпаратты тексеру барысында Астана–Қарағанды автожолында, Аршалы ауданының Шоптықөл елді мекенінің маңында атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.
Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің ел аумағына шетелден әкелінген болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының қару-жарағы құрамында жоқ), — делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу басталды.
Айта кетелік қару-жарақ саудасына қатысты Ішкі істер министрлігінің бірқатар бұйрығы өзгерген еді.