Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді.
Оның БҚО Сырым ауданының 34 жастағы тумасы Асылбек Аржаев екені анықталды.
Ол заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.
-Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті бұзу заң аясында тиісті жауапкершілікке әкеп соғады,-делінген хабарламада.
Осыған дейін той кортежінде жол ережесін өрескел бұзғандар полицияға жеткізілгені туралы жаздық.