Оқиға 7 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Макинск қаласындағы Мәскеу көшесінде болған. Жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады.
– «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеде көз жұмды, – деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Ақмола облысында жол апатынан «Газель» жолаушысы қаза тапты.