Ақмола облысында ҚР Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Бүгін облыс орталығында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Ақмола облысының әкімдігі
Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, қаланың құрметті азаматтары, қоғам өкілдері мен жастар қатысты. Туды көтеру мемлекеттік Әнұранның орындалуымен қатар жүрді.
Айта кетейік, іс-шара облыстың барлық аудандарында өтті. Облыста Республика күнін мерекелеу аясында барлығы екі мыңнан астам іс-шара өтті.
Фото: Ақмола облысының әкімдігіФото: Ақмола облысының әкімдігіФото: Ақмола облысының әкімдігі
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.