Ақмола облысында мал өсірушілердің халықаралық форумы ресми түрде ашылды

Фото: Dala.Camp Forum 2026

АСТАНА. KAZINFORM – Rixos Burabay-да 11 елден келген 250 делегаттың басын қосқан Dala.Camp Forum 2026 халықаралық мал өсірушілер форумы басталды.

Форум жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, АҚШ, Бразилия, Нидерланд, Франция, БАӘ және Түркия өкілдері қатысып жатыр.

Форумды ұйымдастырушы Turan қазақстандық мал өсірушілер қауымдастығының Басқарма төрағасы Жәнібек Кенжебаев кіріспе сөзімен ашты.

Фото: Dala.Camp Forum 2026

Өз кезегінде ол Қазақстанның етті мал шаруашылығы салаға шашыраңқы күш-жігер емес, дамудың бірыңғай логикасы: басқарушылық тәртіп, экономика, ашық ережелер және фермадан экспортқа дейінгі тізбектің барлық буынының бірлескен жұмысы қажет болатын кезеңге өтіп жатқанын айтып өтті.

Бұған дейін Қазақстанда Мал өсірушілер одағы жұмысын бастағанын жазған едік.