Аудан прокуратурасы «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметінде еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізген. Нәтижесінде зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 107 жұмыскерге заңнамада көзделген жалақы үстемеақылары төленбегені анықталды.
Прокуратураның ұсынуын қарау нәтижесінде жұмыскерлерге тиісті үстемеақылар белгіленіп, 2,1 млн теңге төленді. Осылайша, 107 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды.
-Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады,-делінген хабарламада.
Осыған дейін медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу барысында бірқатар заңсыздық әшкерленгені туралы жаздық.