Ақмола облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілікті

Фото: ҰҚК

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысын пара алды деген күдікпен ұстады.

- Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда, - делінген ведомство ақпаратында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Татубаев қолға түсті.