Ақмола облысында мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне 397 млн теңге берешегі өтелді

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Ақмола облысында порокуратураның араласуымен мемлекеттік мекеменің қызметкерлері алдында еңбекақы бойынша қордаланып қалған 397 млн теңге берешегі толық өтелді.

Фото: Kazinform

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, заң бұзушылық Зеренді ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында анықталған.

«Ауданның мемлекеттік мекемесінде 943 қызметкер алдында жалпы сомасы 397 млн теңгеге еңбекақы бойынша берешегі қалыптасқаны анықталды. Қадағалау актісі бойынша қарыздар толық көлемде өтелді, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды. Осылайша, аталған азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында прокуратураның араласуынан кейін 92 жұмысшының еңбекақысы төленгенін жазған едік.