Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Біржан сал ауданының Бұланды ауылында болған. Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «Sonlink» мотоцикліне рұқсатсыз отырған ауылдың кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны велосипедтегі баланы қағып кетті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 жасар бала түрлі дене жарақтымен Макинск қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Полицейлер көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады, - деді ведомстводан.
Айта кетсек, жыл басынан бері Ақмола облысында мотоцикл жүргізушілері 70-ке жуық жол қозғалысы ережесін бұзған.
Еске салайық, бұдан бұрын Ақмола облысында жол апатынан 15 жастағы жасөспірім көз жұмды.