Ерейментау ауданының прокуроры Үленті ауылдық округіне барып, жеке қабылдауда мектеп директорының орынбасары мұғалімдерге жалақы төлеуді кешіктіру мәселесі бойынша шағым айтты.
Аудан прокуроры жедел шаралар қабылдап, келесі күні жалпы сомасы 8 млн теңгегеден астам жалақы бойынша берешек өтелді.
Айта кетейік, бұған дейін бес жыл ішінде мұғалімдердің айлығы екі есеге көтерілгені туралы жазған едік.