Қайғылы оқиға 2025 жылғы 20 тамызда Ақмола облысының Біржан сал ауданына қарасты Үлгі ауылында болған. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, 10 жастағы бала көз жұмып, 15 жастағы жасөспірім жарақат алған. Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу жеткен.
Аталған факті бойынша Біржан сал аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Қазіргі таңда полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Осыған дейін 3 тамызда Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Ақынысарын ауылдық округінің таулы аумағында мал бағып жүрген екі азаматқа найзағай түскені анықталды.
Осыған ұқсас жағдайлар әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатыр. Жақында Үндістанның шығысында найзағай соғуынан 33 адам қаза тапқанын жазған едік.