Ақмола облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды
10:00, 19 Ақпан 2024
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысының Ақкөл ауданында тұрғын үй өртеніп, 58 жастағы ер адамның денесі табылды.
Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 19 ақпанда сағат 04:45 шамасында Еңбек ауылының Целинная көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде болған.
«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сағат 06:55 өрт оқшауланып, 08:18 сөндірілді. Өрт болған үйден 1966 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда құрылыс алаңындағы күзетшінің дүңгіршегінен өрт шығып, бір адам мерт болғанын жазған едік.