Ақмола облысында өрт шыққан жеке тұрғын үйден 3 газ баллоны шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Таңертең Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты.

Фото: ТЖМ

Оқиға орнына алғашқы болып жеткен бөлімшелер ашық жалынды байқады. Өрт сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері көлемі 27 литр болатын 3 газ баллонын үйден шығарып, жарылыстың алдын алды. 

Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт толық сөндіріліп, жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Өрттің жалпы ауданы 168 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетелік Ақмола облысында жеке тұрғын үйде өрт сөндірілген еді.