Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде орман алқаптары бойындағы минералданған жолақтарды орнату және күту бойынша жұмыстардың орындалу барысына тексеріс жүргізілді.
«Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының атына ақпараттық хаттар енгізілді. Орман шаруашылығы мекемелерінің 5 лауазымды тұлғасы әкімшілік жазаға тартылды», - деді ведомстводан.
Еске сала кетсек, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 40-қа жуық ақмолалық жауапқа тартылған болатын.
Ал, бұдан бұрын Ақмола облысының орман өрті қаупі бар маусымға дайындығы мәз еместігін жазған едік.