Ақмола облысында сайлау қорытындысы жарияланды

Ақмола облысының Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы және Шортанды аудандарында әкім сайлауы өтіп, оған 57 139 дауыс беруші қатысты, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 79 148 азамат енгізілді. Дауыс беруге қатысқаны – 57 139 сайлаушы. Оның ішінде 8-есептен шығару куәліктері бойынша, үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны – 924

Кандидаттардың жалпы саны – 12.

Аудан әкімдері сайлауында мынадай қорытынды белгіленді:

Ақкөл ауданы бойынша Б.Әбдірахманов үшін 10163 сайлаушы дауыс берді. С.Кенжебаев үшін 1341 сайлаушы дауыс берген. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 786.

Астрахан ауданы бойынша Т.Ерсейітов үшін 8970 сайлаушылардың дауысы берілді, Б.Төкішев үшін 884 сайлаушы дауыс берді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 526.

Есіл ауданы бойынша К.Әлімжанов үшін 1524 сайлаушы дауыс берілді, С.Балжанов үшін 8181 сайлаушы дауыс берген. С.Кенжетайға 592 сайлаушының дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 778.

Жақсы ауданы бойынша Р.Жұмағұлов үшін 798 сайлаушы дауысы берілді, А.Қадыралина үшін 6644 сайлаушы дауыс берген. Е.Оспанов үшін 528 сайлаушы дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 475.

Шортанды ауданы бойынша Ә.Балташев үшін 1157 сайлаушы дауысы берілді, С.Шабаров үшін 12827 сайлаушы дауыс берді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 104.

Сайлау қорытындысы бойынша мына аудандарға әкім сайланды:

Ақкөл ауданы бойынша Біржан Тасболатұлы Әбдірахманов сайланды. 

Астрахан ауданы бойынша Талғат Аманбайұлы Ерсейітов сайланды.

Есіл ауданы бойынша Серік Мырзасейітұлы Балжанов сайланды. Ол 1980 жылы туған, ШЖС «Бейсен-1» директордың орынбасары қызметін атқарған.

Жақсы ауданы бойынша Алмагүл Аманжолқызы Қадыралина сайланды.

Шортанды ауданы бойынша Сағындық Серікбайұлы Шабаров сайланды.